ЕГЕМЕНДІ ЕЛДІҢ ЕҢСЕЛІ МЕРЕКЕСІ

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қауымдастығы 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін тойлады. Шарада оқушылар мен ұстаздар егеменді елдің еңселі мерекесін жырлап, домбырада күй шертті. Білім ордасының шәкірттері мен әріптестерді мектеп директоры Құралай Ахмадиева құттықтап, ізгі тілектер жолдады. Тәуелсіздік мерекесінің концертін карантиндік талаптарға сәйкес мектеп қауымдастығы онлайн тамашаламақ.
Back to Top