ЕУРОПА ҚАЗАҚСТАНДЫ мойындады! Дания өзіне көп алып қойды. ТАРИХИ камбэк – 3:2 #81

Тарихи матч! SOQQY Telegram: «Соққы және гол!» арнасына тіркелуді ұмытпаңыздар Бізді іздесеңіздер: Есей ағамыздың телеграмы: Есей ағамыздың Youtube-арнасы: @qazaqygoal 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Данияны қабылдап, камбэк жасады және жеңіске жетті. Алдымен Дания құрамасы бірінші таймда Хойлундтың соққан екі (21’, 35’) голымен есепте алда тұрған. Алайда екінші таймда Бақтиер Зайнутдинов (73’н пенальтиден гол соғып, есептегі айырманы қысқартты. Артынша Асхат Тағыберген таблодағы көрсеткішті теңестірсе (86’), араға 3 минут салып Абат Айымбетов ұлттық құраманы есепте алға шығарды (89’). Осылайша, Магомед Адиев шәкірттері Даниядан жеңісті жұлып алды. Бактиер Зайнутдинов осы ойында ұлттық құрамадағы 11-ші голын соқты. Ең үздік сұрмерген Руслан Балтиевтің рекордына екі гол қалды. Қазақстан құрамасының үздік сұрмергендері: 1. Руслан Балтиев — 13 гол (73 матч); 2. Виктор Зубарев — 12 (18); 3. Бактиер Зайнутдинов — 11 (28); 4. Дмитрий Бяков — 8 (33); 5. Сергей Хижниченко — 8 (52).
Back to Top