Жарылған құбырдың әлегі

Үйлерінің іргетасы құлауынан қорыққан алматылықтар арнамыздан араша сұрады. Бір ай бұрын құбыр жарылып, одан атқылаған су баспаналардың жертөлесін көл қылған. Тұрғындар жауапты мекемелер жанайқайларын ескермей, әбден төзімдерін тауысқанын айтты. Бүтін бір ауданның көшесін лайға, ауласын суға толтырған ескі құбыр мәселесінің шешілмей келе жатқанына да бірнеше жылдың жүзі болыпты. Ал әкімдіктегілердің айтар өз уәжі бар. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top