ҰЛЫ АБАЙ ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН. 10 ТАМЫЗ - АБАЙ КҮНІ. ТҮРКІСТАН 2023.

ҰЛЫ АБАЙ ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН. ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ Бүгін 10 тамыз – Абай күніне орай, ескерткішке тағзым жасалып, гүл шоқтары қойылды. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен бірқатар шаралар өткізілді. Оқушылар сарайы алдындағы ескерткіштен бастау алған шара әрі қарай кітапханада өтетін «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы басқосуға ұласты. Көрме аясында оқушылар Абай әндерін орындап, өлеңдері мен қара сөздерін оқыды. Ұйымдастырушылар үздік оқушылар мен тәрбиешілерге музей директорының алғыс хаттары мен баспа өнімдерін сыйға тартты. Күні бойы басқармаға қарасты мекемелердің әлеуметтік желі парақшаларында бейнероликтер мен поэзиясы жарияланды. Кітапханашылар тарапынан «Абайды оқы, орында!» тақырыбында қала тұрғындары арасында сауалнама болды. Абай күні осыдан 3 жыл бұрын, яғни 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген болатын. Бұл күн – елді бірлікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін, бірін-бірі дос тұтатын қастерлі күн! Ақпарат бізден, бағалау сізден!❤ Бізге тіркеліп, қолдап қойыңыз.✊ INSTAGRAM: ВКОНТАКТЕ: FACEBOOK: #ҰлыАбайдыңтуылғанына178жыл #abay #abai #абай #абайқұнанбайұлы #абайжолы #қазақстан #түркістан #10тамыз #туркестан2023 #kazakhstan #turkistan #shorts #shortsvideo #абайкунанбаев
Back to Top