ОҚУШЫЛАР ЭКСКУРСИЯҒА БАРДЫ Жастар жылына қолдау көрсету мен олардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Қандыағаш қалалық 4 Ж

ОҚУШЫЛАР ЭКСКУРСИЯҒА БАРДЫ Жастар жылына қолдау көрсету мен олардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Қандыағаш қалалық 4 ЖББОМ 10“Ә“ класс оқушылары- интернет сайысының жеңімпаздары Мұғалжар аудандық ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейіне экскурсияға жолдамамен барып келді. Мұражай қызметкерлері ұстаздар мен оқушыларды мұражай ішінде аралатып, құнды жәдігерлермен, Жұбановтардың өмірі мен шығармашылықтарын таныстырды. Мұражай директоры Ұлболсын Керейқызы Қандыағаш қалалық 4 ЖББОМ ұжымына, оқушыларына экскурсияны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, естелікке кітап ұсынып, ұлттық аспап түрлерінен Жұбановтардың белгілі шығармаларын орындап берді. Оқушылар рухани қазынаға толы мұражайдан керемет әсермен оралды. Мектеп әкімшілігі мұражай қызметкерлері мен басшысы Ұ.К.Муханбетоваға ризашылығын білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейді!
Back to Top