“Мұқағалиға“ неге Жанқалдыбек Төленбаев түспеді? Фильм не үшін Өскеменде түсірілді? | Назерке Бұрхан

Режиссер Болат Қалымбетов жоғарыдағы сұрақтарға жауап берді. Басты рөлдегі актер Асланбек Жанбалаев сценарийді бір-екі сағат бұрын ғана алып отырғанын айтты. Режиссер неге ондай әдісті пайдаланды екен? Режиссер Ақан Сатаев фильмді мақтаса, актер Нұркен Өтеуіл актердің образын сынады. Үш жыл түсірілген туындының кадрлары әдемі, эстетика. Мұқаңнан бөлек, Бауыржан Момышұлы, Нұрғиса Тілендиев, Фариза Оңғарсынова, Әнуар Әлімжанов сынды тұлғалардың да образы жасалған. Фильм 21 қазаннан бастап кинопрокатқа шығады. Журналист: Назерке Бұрхан Оператор: Заманбек Үсенбеков Монтажын жасап, әуенмен әрлеген: Руслан Мейірханов
Back to Top