ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫ ҰЛҒАЯДЫ Облыс әкімдігінде түстен кейін тағы бір жиын өтті. Онда Тараз қаласының шекарасын Байзақ және Жамбыл аудандарының есебінен ұлғайтқан кезде туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды. Облыс орталығының шекарасына таяу 10 шақырым аумағындағы жер көлемін есептегенде Байзақ ауданында 22652 гектар, Жамбыл ауданында 61536 гектар жер бар. Бүгінде осы аудандар мен қаланың шекара аумағында шешімін күткен бірқатар мәселелер бар. Оларды уақыт оздырмай шешу қажет дейді атқарушы билік. Мәселен, Байзақ ауданындағы Бурыл, Үлгілі, Сарыкемер, Бәйтерек, Ботамойнақ ауылдарының шекарасы тұрғын үй құрылысын кеңейтілуі Тараз қаласы әкімдігімен бекітілген тәртіппен келісілмеген. Өзіндік қосалқы шаруашылық жер телімдері мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің АИС ГЗК базасына толығымен енгізілмеген. Бұл мәселелер Жамбыл ауданында да кездеседі. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Сайлауғалы Байназаров шаһар іргесіндегі қос ауданның жер учаскелерінің жалпы көлемі 84489,1
Back to Top