Атырауда 31 дәрігер жұмыстан кету туралы арыз жазды

#КТКжаңалықтары Атырауда дәрігерлері нәрестені тоңазытқышқа тығып өлтірген облыстық перинаталдық орталықтағы дау жаңа қарқын алды. Бүгін мұнда 31 дәрігер жұмыстан кету туралы арыз жазды. Дегенмен басшылық бәрінің арызына бірдей қол қоймаған. Денсаулық сақтау басқармасы мен министрліктің өкілдері оларды жұмысында қалуға көндіріп жатқан көрінеді. Өткен айда құжатты жөндеуге ерінген перзентхана дәрігерлері тірі нәрестені тоңазытқышқа тығып өлтіргені анықталған. Қазір бас дәрігерден бастап бірнеше қызметкер істі болып жатыр. #Атырау #дәрігерлер
Back to Top