Күдебаевтың ұлының өліміне кінәлі дәрігерлердің ісі жаңаша өрбіді
#КТКжаңалықтары
Алматыда полиция департаменті бастығы Серік Күдебаевтың ұлының өліміне кінәлі деп айыпталған ақ халаттылардың ісі жаңаша өрби бастады. Белгілі хирург әрі қаладағы №4 аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаевтың ешбір дәйексіз тұтқындалғанын, тіпті оларды кепілдікпен де босатпай жатқанын Тезекбаевтың әйелі айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ашық хат жолдаған болатын. Жауап та көп күттірген жоқ. АҚШ-та іс-сапармен жүрген мемлекет басшысы істің ақ-қарасын анықтауға тапсырма берді. Іле-шала аурухана басшысы да қолхатпен бостандыққа жіберілді.
#Алматы #Күдебаев #ұл #өлім #дәрігерлер #кінәлі
151 view
129
30
5 years ago 00:02:48 228
Күдебаев ұлының өліміне қатысты күмән тудырғандарға министрдің өзі жауап берді
5 years ago 00:01:48 145
Дина Тезекбаева дәрігерлерге араша түскен президентке алғысын білдірді
5 years ago 00:03:15 160
Күдебаевтың ұлының өліміне кінәлі дәрігерлердің ісі жаңаша өрбіді