Сарысу ауданы Жамбыл облысының оңтүстік-батысында орналасқан. Солтүстігінде Мойынқұм ауданымен, оңтүстігінде – Оңтүстік Қазақстан облысымен және Талас ауданымен шектеседі. Ауданның жер көлемі 31,3 мың км², Халық саны 44 мың адам. Аудандағы 26 елді мекен 9 ауылдық округке және 1 қалалық әкімшілікке біріктірілген. Аудан орталығы – Жаңатас қаласы.