Бізді күтер бір бақыт

БІЗДІ КҮТЕР БІР БАҚЫТ Жыл: 2012 Ел: Қазақстан Жанры: комедия, отбасылық Режиссер: Мақсат Оспанов Рөлдерде: Нұржан Төлендиев, Бақыт Кенебаева, Бақыт Әліпбаева, Қуандық Шәкіржанов т.б. Әзілсүйер қауымға Шаншар, Алдараспан әзіл театрындағы Тука образы арқылы танымал болған белгілі театр және комедия әртісі Нұржан Төлендиевтің кино саласындағы тағы бір туындысы. Фильм желісі қарапайым жігіттің өз бақытын күту жолында, үлкен шахар ішінде тұрақты бір жұмыс тауып, өзінің бақытына қол жеткізу жолында кездескен қызықтары мен шытырман оқиғалары жайында. Фильмнің актерлік құрамы да өте талантты театр және кино актерлерінен құралған. Өз образын атап өтерліктей алып шыққан бас рөлдегі Тука болды.
Back to Top