Қызылорда-Құмкөл жол апаты! Вахтаға кетіп бақилық болды

#КТКжаңалықтары Қызылорда облысында жол апатынан көз жұмғандар саны көбейіп барады. Алғашында төрт адамның қаза тапқаны айтылған, енді мерт болғандардың саны 8-ге жетті. Апат бүгін таңертең Қызылорда-Құмкөл бағытындағы жолда, облыс орталығынан 85 шақырым жерде болған. Құмкөл мұнай кен орнына бара жатқан автобус ішінде 36 адам отырыпты. Барлығы сол жердің жұмысшылары. Түрлі жарақат алған 20-дан астам адам қазір Қызылордадағы ауруханаларда жатыр. #Қызылордаоблысы #жолапаты #өлім #автобус
Back to Top