Наурыз 2019 Мақтаарал аграрлық колледжі

Мақтаарал аграрлық колледжінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету, оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу және ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында “Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!”атты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік алаң нақыл сөздер жазылған көрнекіліктермен, суреттермен, шарлармен безендірілді. Шара барысында «Ең дәмді наурыз көже» , «Ең дәмді бауырсақ», «Ең үздік ән» байқаулары және «Наурыз – жыл басы» атты сурет конкурсы ұйымдастырылды
Back to Top