«Әлия» әні - эстрада əншілерінің орындауында.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай отандық өнер жұлдыздары – Қазақстанның Халық əртісі - Роза Рымбаева, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдыз - Димаш Құдайбергенов, мәдениет қайраткерлері - Сәкен Майғазиев, Әлішер Кәрімов, Мөлдір Әуелбекова, Әміре, Диная, Динара Сұлтан, Айқын Төлепберген, дарынды жас орындаушылар Данелия Төлешова, Ержан Максим, Индира Еділбаева және т.б. жұлдыздар С.Байтерековтың атақты «Әлия» әніне жаңа бейнебаян жазды. Бұл туынды Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналады!!! Аңызға айналған ерлік біздің жүрегімізде. #БізБіргеміз #БіргеЕңсереміз #өнеронлайн
Back to Top