Өтіп бара жатқан жылдың өкінішке орай, қайғылы сәттері тым көп болды. Бейбіт күнде Байзақтағы әскери бөлімде жарылыс болып, 17 азамат үйіне, бала-шағасына оралмады. Қайғылы жағдай болған күні өрт сөндіруге кеткен Бауыржан Дәуітбаевтан әлі хабар жоқ. Бүгін ғана редакциямызға жақындары хабарласып, азаматты әлдекімдер құлдықта ұстап отыруы мүмкін деген күдігін жеткізді. Ақбұлақ трагедиясы да биыл бірнеше отбасын жақынынан айырды. Пенжім оқиғасы да биыл болды. Алматы облысы Панфилов ауданына қарасты Пенжім ауылындағы мектепте болған балалар арасындағы төбелестің соңы үлкендердің наразылығына ұласты. Алматыдағы үш баласымен бірге биіктен секіріп, қайтыс болған келіншек өлімі де елдің есінен әлі кеткен жоқ. «Сөздің шыны керек» бағдарламасы - қоғамдағы осындай резонанс тудырған оқиғаларға сараптама жасады. Одан өзге бағдарламада көтерілген кей мәселе шешімін тауып жатты. Көп кейіпкеріміз үйлі болды, кейбірінің өмірі түбегейлі өзгерді.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -