«Степногор-Заводской» тас жолында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды

24 қазан күндізгі сағат 12:20-да Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Степногор-Заводской« автожолының 6 шпқырымында жол апаты орын алғаны туралы хабарланды. Анықталғандай, Заводской кенті бағытында жүріп келе жатқан «Hyndai Acent» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай көлік аударылған. «Салдарынан Степногор қаласының қалалық ауруханасына 36 жастағы жолаушы жеткізілді, ол сағат 21:10-да жансақтау бөлімінде көз жұмды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес «Hyndai Acent» автокөлігінің жүргізушісі «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған. Тиісті сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.
Back to Top