Астанада жас жігіт 10-қабаттан құлап кеткен баланы қағып алды.

Астанада жас жігіт 10-қабаттан құлап кеткен баланы қағып алды. Астана тұрғыны 10-қабаттан құлап кеткен баланы қағып алды. Оқиға 24 қыркүйекте қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алған. Баланы құтқарып қалған төменгі қабаттағы көршісі Артем Карев болып шықты. 28 жастағы ер адам оқиғаның мән-жайын айтып берді. «Мен балконға шыққанда көшеде адамдардың жүгіріп, айқайлап жатқанын естідім. Терезені ашып қарасам, адамдар шамамен мен жаққа қарап тұр. Осы кезде төбеме қарап, онда баланың ілініп тұрғанын көрдім. Ол құлап кетті. Артынша мен оны қағып алдым. Балконға алып кірдім», – дейді жас жігіт. Оның сөзінше, бала шамамен 7 жаста. Өз кезегінде көрішлері жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырған. «Анасының жағдайы нашарлап кетті. Көшеде тұрған еді. Анасын танимын. Сәлеміміз түзу», – дейді Артем. Жас жігіт баламен сөйлесіп үлгерген. Бала терезеден шығып кетіп, далада серуендемек болғанын айтыпты. «Ол үйде жалғыз отырғанын айтты. Анасы сыртынан жауып, 15 минутқа шығып кеткен. Ол зерігіп, көшеде қыдырып ке
Back to Top