БОКС/ Мырзағали Айтжановтың қайта оралуы/ QAZAQ RING/ 1-шығарылым/

Достар, бұл - бокс тақырыбындағы алғашқы подкаст! Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың бастамасымен жаңа YouTube жоба іске қосылмақ! ⠀ Жоба атауы - QAZAQ RING. Форматы - подкаст. Жүргізушілері белгілі қазақстандық журналистер - Аян Төлеген мен Диас Ахметшәріп. Бұнда біз «нағыз джентльмендердің спорты» жайлы сөз қозғаймыз! Назарда алғашқы шығарылым. Ал оның үздік спикерлері: 1. Мырзағали Айтжанов – ұлттық құрамаға жетекшілік ету үшін қайта оралған аңыз-бапкер. Бұл оның елге оралғаннан кейінгі алғашқы эксклюзив сұхбаты. 2. Маратбек Мықтыбеков – Қазақстан Бокс федерацисының атқарушы директоры. Спорт саласындағы дағдарыстарды реттей алатын мықты менеджерлердің бірі. 3. Серік Сәпиев – Қазақстандағы ең көп титулға ие әуесқой боксшы. Батыр қанжығасында Вэл Баркер кубогы, Олимпиада мен Әлем чемпионатының, Азия ойындары мен Азия чемпионаттарының алтын медальдары бар! ТАЙМ-КОД: 00:00 Анонс 01:00 Подкасттың басталуы 01:46 Қонақтарды таныстыру 02:21 Мырзағали Айтжановтың алғашқы сұхбаты 04:35 Қайрат Сатжановтан қалған мұра... 05:50 Бас бапкер неге ауысты? 08:48 Серік Сәпиевті ұлттық құрамадан шеттету туралы 09:56 Мырзағали Құланұлы өзінің жеке шәкірттерін ұлттық құрамаға тарта ма? 13:32 Айтжановпен келісімшарт қандай мерзімге жасалды? 14:55 Әуесқой бокста әділдік бар ма? 24:20 Бізге шетелдік кеңесші-жаттықтырушылар керек пе? 27:50 Артаев, Сарсекбаев, Сәпиев, Елеусінов (69 келі) - кім үздік боксшы? 29:40 Әйелдер боксының дамуы қандай деңгейде? 34:00 57 келідегі бәсекелестік... Париж Олимпиадасына кім барады? 38:16 Облыс жарыстарда төрешілік қандай деңгейде? 39:43 Қамшыбектің дәуірі өтті ме? 41:30 Боксшыларды ынталандыру мәселесі 44:45 Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жүлдесін қайда тойлады? 46:51 Серік Сапиев кімге монша салды? 48:00 Бас бапкер қандай болу керек? 52:15 Діннің боксқа қайшылығы бар ма? 56:00 Момышұлы, “Волоколамское шоссе”, бокс… 57:30 “Жақсылық жаса” акциясы 59:10 Серік Сәпиевтің Аянға жасаған көмегі 1:00:30 КОНКУРС 1:03:20 Құттықтаулар Каналға жазылып, лайк басып, пікір жазыңыз! Ал ең бастысы, КОНКУРСҚА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСЫҢЫЗ! Біз үздік пікірлерді анықтап, жеңімпаздардың есімін келесі шығарылымда жариялаймыз! Конкурс жүлдесі – Серік Сәпиевтің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы және бокстан ұлттық құрама экипировкасы. Бокс залын ұсынып, қолдау көрсеткен «BOXING DEVELOPMENT CENTER» ЖШС мекемесіне Алғыс білдіреміз! Біз біріксек мықтымыз! #бокс #boxing #box #подкаст
Back to Top