ИМАМ МАТРУДИ КІМ? | БАБАЛАР ІЗІМЕН | BILIM QAZYNA

ИМАМ МАТРУДИ КІМ? | БАБАЛАР ІЗІМЕН | BILIM QAZYNA – Имам Матуриди – әсіресе Ислам ақидасы мен кәлам саласында ақыл-ойға басты мән берген, Матуриди деп аталатын үлкен теологиялық мектептің құрушысы. Әһли-сүннет мектебі бойынша екі ғалымның бірі. Имам матрудидің толық аты-жөні әл-Имам Әбу Мансур Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Махмуд әл-Матуриди әл-Әнсари. Кейбір дереккөздерде имам Матуриди және оның тұлғалық қасиеті жайлы қиссалар баяндалады. Мәселен Бартольд, Әбу Хафс ән-Нәсафидің «Китабул Канд фи тарихи Самарқанд» атты еңбегінің қолжазба нұсқасында Матуриди жайлы былай дегендігін айтады: Имам Матуриди мен Шейх Әбул Қасым Хаким Самарқанди теккеде дәріс беретін. Шииттер мәзхаб тақырыбында осы екі ғалыммен көп пікір таластырады. Сол кезде шейх Әбу Мансур теккеде Қызырды (а.с.) көріп, одан көмек сұрайды. Қызыр (а.с.) дұға етеді. Дұғасы қабыл болып, Аллаһ тағала имам Матуридиге хикмет ілімін нәсіп етеді. Осылайша, имам Матуриди бұрыс мәзхабтарды жеңеді. Әбу-л Хасан ар-Рустуғфани «Фауаид» атты еңбегінде имам Матуридиді дұғасы қабыл болатын тұлға деп сипаттайды. Бірде Самарқанда патша қызметкерлерінің бірі күш қолданып, Имам Матуридидің шәкірттерінің бірінің үйін тартып алады. Мұндай жағдайға тап болған шәкірт имам Матуридиге шағымданады. Имам Матуриди қызметкердің әлімжеттігін айтып патшаға кісі салады. Алайда, патша Матуридидің бұл сөзіне құлақ аспайды. Имам Матуриди патшаның бұл қылығана қатты ашуланса да, ашық наразылық білдірмейді. Халықты патшаға қарсы айдап салмайды. Тіпті, бұл амалдың әділетсіз екендігін білген патшаға теріс бата да жасамайды. Бірақ қол ұшын беру мақсатында шәкіртіне қысым жасап үйін тартып алған қызметкерге амалсыз теріс батасын береді. Көп ұзамай патша қызметкері ауруға шалдығады. Аурудың себебін түсінген қызметкер үйді иесіне босатып береді. Бұл қиссалардан имам Матуридидің өмір сүрген дәуірінде құрметті, абыройлы және беделді тұлға екендігін байқаймыз. #Самарқанд #Бұхара #Ташкент #имамМатруди #иман #ислам #ихсан #дін #Діникомитет #диниқомита #diniqomita #НуриймонАбулхасан #ҰлықбекАлиакбарұлы #МатрудиАқидасы
Back to Top