фильм “КІМ КІНӘЛІ?!“

Баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлген, талдан бесік таянған, түнде шошып оянған, тас емшегін жібіткен ана алдындағы парыз әр перзенттің мойнындағы қарыз. Алайда, заман өзгерді, көңіл тарылды. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада дейтін кез келді. Ұл ержетті, келінді алып ол кетті, қыз бойжетті, күйеуге тиіп ол кетті. Немерелер ата-әже мейірімінен айырылды. Қазақ даласында Қарттар үйі деген баспана пайда болды. Қостанайда алғаш қаражатсыз, түсірілім тобының өз күшімен түсірілген, баласының қызығын көрмеген ананың, анасының ақ сүтін ақтай алмаған перзенттің өкініші, қазіргі қоғамның өзекті өртеген дерті арқау болған «Кім кінәлі?» фильмінде осындай тағдыр тәлкегі көрсетіледі. Сценарий авторы: Alimkhan Myrzakhan Режиссер: Есбол Жатканов instagram: Esbol_zhatkanov
Back to Top