Қараман қарақшы. 1 бөлім. /аудиокітаптар қазақша /болған оқиғалар

Ол 1896 жылы Оңтүстік Қазақстандағы Келес өзені бойында туған. Әкесі би әрі бақуатты адам болған. 1971 жылы сол төңіректегі Дархан деген ауылда өмірден өткен. Қараман өзіне барлық нәрсе жетіп тұрса да, бала кезінде-ақ әлдебір себептермен үйінен қашып кетеді. Содан бұзақы балаларға бас болып, Ташкент көшелерінде, қазіргі Өзбекстан жерінде, Шымкент төңірегінде кедей-кепшіктерге болысып, байлардың сазайын тартқызады. Оның бастан кешкендері мен атқарған іс-әрекеттерінің өзі аңыз іспеттес. Бозбала шағында Ташкенттегі патша шенеуніктерімен, жігіттік уақытында қызыл үкіметпен, сондай-ақ тау жайлаған басмашылармен де алысып өткен. Былайша, айтқанда, ол тек өз азаттығын, елдің еркіндігін аңсаған адам. Қараман 1917-1936 жылдары үстем тап өкілдерінен зәбір тартқан, бай-бағландардан, озбыр қызыл әскерлердің зорлығынан жапа шеккен аш-жалаңаш, кембағал, момын қазақтарға көп болысқан. Әсіресе, ашаршылық жылдары қаңғыған қазақтарға мол жәрдемі тиген. Бұлардан басқа да, елге қаншама игі істер істеген. Жаңа үкіметпен де еш ымыраға келмеген. Соның кесірінен 1950 жылға дейін 23 рет сотталған. Бірақ еш уақытта алты айдан артық түрмеде отырмаған. Ебін тауып, босанып кетіп отырған. Немесе түрме басшылырының өздері босатып отырған. Кеңес үкіметі оған «қарақшы» деген ат берген. Соған орай жұрт та оны «Қараман қарақшы» деп атаған. Бірақ қарақшы атай отырып, оны қатты жақсы көрген, сыйлаған, құрметтеген. Себебі, Қараман көпшіліктің адамы болған. Қысқа қайырғанда, ол әруақ қонған адам. Ал қазақта ондай ерлер көп болғаны белгілі. аудиокітаптар қазақша болған оқиғалар аудио кітап болған оқиға желісімен казакша аудио ангиме қазақша әңгімелер қызықты хикаялар әңгімелер жинағы өмір иірімдері
Back to Top