Серік Қалдан «ENU Күлтегіні» атанды

2021 жылы бастау алған дәстүрлі шара биыл да өз жалғасын тапты. Үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Күлтегін» жырын жатқа оқу байқауы «Eurasia еpos» ағарту жобасы аясында өтті. 📚13 факультеттен 30 студент бақ сынаған сайыстың ақтық кезеңіне 5 білім алушы өтті. Олар «Күлтегін» жырының Мырзатай Жолдасбек ұсынған нұсқасын жатқа айтудан және сұраққа жауап беру кезеңдері бойынша сынға түсті. 👉Байқау нәтижесі бойынша «ENU Күлтегіні» АТФ 1 курс студенті Серік Қалдан атанды. Жүлдеді ІІ орынды ЖСФ студенті Ажар Сұлтан, ал ІІІ орынды ӘҒФ студенті Ажар Сайпитан иеленді. 👍Сонымен қатар, «Зерделі» номинациясымен ЭФ 2 курс студенті Улжан Аманжолова, «Жезтаңдай» номинациясымен ЖСФ 2 курс студенті Эльнура Бисенғали марапатталды. 👆Айта кетейік, І орынға 70000, ІІ орынға 50000, ІІІ орынға 30000 және номинацияларға 15000 теңге қаржылай сыйлықтар табысталды.
Back to Top