Бекболаттың психикалық күйзелісі. Түркістандағы былықты Шөкеевтің командасы қалай жасағаны туралы

ADAL Adam youtube арнасының бұл жолғы қонағы -Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов. Ол сұхбат барысында Түркістан қаласындағы былықтар туралы айтты. Дәлірек айтқанда мемлекет қаржысына салынған ғимараттар жеке адамдардың қолына өтіп кеткенін мәлімдеді. Өзіне қатысты Бекболат Тілеуханның айтқан пікірлеріне жауап берді. “Ол ағамыздың жүйкесі сыр берді” деген ойын жеткізді. Сонымен қатар, салафизмнің қаупі, айтыс өнеріне ықпалы, жат ағымды заңмен тыйым салу мәселелеріне тоқталды. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қызметіне көзқарасы айтып, бағасын берді. Биліктегі трайбализм, Тоқаевтың беделін түсіргісі келетіндердің айла-амалдары, аудан әкімдерінің сайлауы жайлы пайым-пікірін білдірді. Ринат Зайытов Қазақстанды тонаған жемқорларға қандай үкім шығарғысы келетінін де жеткізді. Видеоны тайм-кодтар арқылы көру 00:00 Тизер 01:18 Сәлемдесу 01:32 Сіз Түркістан облысына бардыңыз. Былықтардың бетін ашуға кетті дейді. Келген соң сенсациялық мәлімдеме жасайды дегенді де естідік. 02:46 “Барлық ғимаратты әкімшілік сенімгерлік хатпен жеке адамдарға беріп тастаған” 03:16 “Мәдениет үйін ресторан қылайын деп жатыр” 04:15 “Шөкеевке қатысты адамдар осының барлығын істеген” 07:22 “Жергілікті органдар көз жұма қарап отыр” 10:46 Харассмент тақырыбын талқылайық. 15:00 Өзінің белгілі бір мақсатын жүзеге асыру үшін басшылықты өзі харасментке итермелейтіндер бар. 18:31 “Жұлдыз Сүлейменова оны (харассментті) қозғап жатыр” 19:22 “Мен қыздар мен ұлдардың бірге оқуына қарсы адаммын” 22:31 “Ермұрат Бапи, Нартай Аралбай және Ринат Зайытов, яғни сізді – популистер” деді... 27:02 “Парламенттің қабырғасында оның (Ермұрат Бапидің) көтеріп жүрген мәселелерін көбіне мен көтере алмаймын” 27:34 “Нартай Аралбайды популист деп айта алмаймын” 28:21 “осындай түсініксіз әрекеттер жасайды” 30:11 “Оның деңгейіне түскім келмейді” 30:42 Бекболат Тілеухан “салафизмге ешқашан тыйым сала алмайды” деп кесіп айтты. Неге өте сенімді, еркін сөйлеп отыр? 35:24 “Айтысқа толық үстемдік жүргізе бастады” 36:36 “Айтшы, айтшы, айтшы” 37:13 “Радикалды ұстанымға кетіп қалған адам өмірі өзгермейді” 37:24 “Біздің қоғам Ауғанстан сияқты болып кеткенін қаламаймын” 39:46 “Күйзелісте жүрген сияқты, сосын өзін ақтағысы кеп жүрген сияқты” 40:02 Өткенде сіз бар, әріптестеріңіз бар, жан дауыстарыңыз шықты. Жоғарыда ваххабизм-салафизмнің қолдаушылары, өкілдері бар дедіңіздер. 41:38 “Олар түрлі саладан кедергі келтіреді” 42:21 Бір команда берілсе керек, Түркиядан Бекболат Тілеухан белсенділік таныта бастап еді, мына жақтан Балғынбек Имаш ақтала сұхбат берді... 43:23 “Мен Балғынбек Имаш деген адамды өте қатты жақсы көрем” 49:45 “Ағам кішкене жүйкесі сыр берді-ау деп” 49:50 Әлеуметтанушы Талғат Жақиянов салафилік ағымдардың әр өңірде өз демеушілері бар дейді, яғни кәсіпкерлер. 54:17 “Шапырашты деген тенденция жоқ, Назарбаевтар деген тенденция бар” 55:36 Путин Қасым-Жомарт Кемелұлының атын айтқанда шатастырып алып жатады. Тоқаевпен кездескенде ол қобалжитын сияқты. Біздің президенттің атынан қиын есімдер бар. Адам екі жағдайда шатасады, әдейі айта ма, немесе ойлағаны болмаған кезде. 57:19 Бекболат Тілеухан “халық ешқашан президентін тағайындамайды. Оны сырттан тағайындап береді. Америка, Ресей, Қытай шешеді дегенді айтты. Яғни кім тары беред, соның тауығы болады деді. Сосын саясатқа дерский адамдарды әкелмейді” деді. Сонда Бекболат Тілеухан Тоқаевты тауық, дерский адам емес дегісі келді ме? 1:03:03 Назарбаевтың көлеңкесінде жүргендердің әрқайсы өзінше бір клан еді. Өздеріне берілген огородтар болды. Қазір солар бірігіп кеткен жоқ па? 1:04:25 Қазір де Тоқаевтың айналасындағылар әрқайсысы өзінің командасын жинап жатқан жоқ па? 1:05:50 “Қазіргі Парламентте бір топ депутаттар бар, сын сағатта шындықты бетке айта алатын” 1:06:49 Сіз Әлихан Асханұлына сенесіз бе? 1:08:14 Әлихан Смайыловтың үкіметбасы болуына сіз қарсы дауыс бердіңіз? Иә. 1:09:36 Келесі жылы өтетін аудан әкімдерінің сайлауы елдегі трайбализмді асқындырып, қалталы топтардың ықпалы күшейтпей ме? 1:14:56 “Көп нәрсені бұрынғыдай емін-еркін айта бере алмаймын” 1:18:40 “Біздің көп жиындар қайтадан Назарбаевтың жүйесіндегідей мақтауға айналып бара жатқан сияқты” 1:20:03 “Әдейі халықты президентке қарсы провоцировать етіп жатқан сияқты” 1:22:50 Сізге бір адамдың үкімін шығаруға құқық берілсе, кімді өлім жазасына кесер едіңіз? 1:26:06 “Тұрмысымыз қылмысқа, қылмысымыз тұрмысқа айналып кетті” 1:26:39 “Жүйелі қарғыс жүйесін табады, жүйесіз қарғыс иесін табады” 1:26:58 “Қандай әншіні, қандай өнерпазды жоғалтып алдық, өкінішті” 1:28:53 “Қартайған шағымда емін-еркін барған жерімде сыйлы болып отырғым келеді” 1:30:12 Ринат Зайытовтың бар жеткен жері, өресінің жеткен жері Мәжіліс дейді. 1:34:31 “Үкімет мені пайдаланып-пайдаланып тастай салады” 1:35:59 Жалпы Жаңа Қазақстанды сезініп жүрмін деп айта аласыз ба? 1:38:09 Сұхбаттың аяқталуы
Back to Top