#2024НаурызМейрамы Айдын Қабдұлдинов - СҚО полиция департаментінің бастығы

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! СІЗДЕРДІ КӨКТЕМГІ ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ – НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! Солтүстік Қазақстан облысында мереке күндері жүздеген полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауда. Біздің міндетіміз – өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын барынша қамтамасыз ету. Қызметте бола тұра, біз де баршаңызды шуақты мемлекеттік мерекелердің бірі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Барлығымыз бұл мерекені отбасылық құндылықтарды дәріптеумен, табиғаттың оянуымен, жаңа жоспарлармен, жетістіктермен байланыстырамыз. Барлық жерлестерімді, солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамын және олардың отбасы мүшелерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! Мықты денсаулық, отбасы амандығын, молшылық, ашық аспан және барлық жақсылық атаулыны тілеймін!
Back to Top