Ақын Карина Сарсенова Олжас Сүлейменов жайлы кітап шығарды

«Легенда Евразии» деп аталатын туынды 2018 жылдың көктемінде Карина Рашитқызының мемлекет қайраткерімен өткен сұхбатының негізінде жазылған. 1000 данамен жарық көрген кітапта қаламгер үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алған аңыз адамның тұлғалық болмысын ашуға тырысқан. Жазушы жарыққа шығарып отырған аңыз адам туралы еңбегінің таныстырылымын Грузия, Молдавия, Белоруссия және Мәскеудегі халықаралық кітап жәрмеңкесінде өткізуді жоспарлап отыр. #headliner #hittvkz #КаринаСарсенова Подписывайся на канал
Back to Top