«Айтуға оңай...». Ток-шоу. «Көп ішіндегі жалғыздар»

Бір жарым миллион тұрғыны бар алып қалада осылайша өз қиындығымен бетпе-бет қалған, сөйтіп, қол жайып, қайыр сұрауға мәжбүр болған адамдар аз емес. Олардың да таңы атып, күні батады. Өкінішке қарай, үмітпен емес, күдікпен... «Дүние бір қисық жол бұраңдаған, Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған. Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан», – деп кеткен біздің ата-бабаларымыз. Бүгінгі «Айтуға оңай...» осы үміт пен күдік арасында тайталасып өмір сүріп жатқан жандар туралы болмақ. 21:05-те Ұлттық арнадан көріңіз. ВИДЕО:
Back to Top