ЖАНТАҚ өсімдігінің ЕМДІК қасиеті. Өт - бауыр, он екі елі ішек, гемморой АУРУЛАРЫНЫҢ ЕМІ!

Баршаларыңызға Ассалаумағалейкүм! Бұл видеода ЖАНТАҚ өсімдігінің денсаулыққа тигізер мол пайдасы туралы білетін боласыз!.Видеоны соңына дейін қарауыңызды сұраймын, және біздің арнаға тіркелсеңіз күнделікті денсаулығыңызға пайдалы ақпараттар ұсынылады. Каналдың дамуына қаржылай көмек көрсеткісі келетін жандардың сұрауымен каспи карта нөмерін қалдырамын: 4400 4301 5054 5892 Жантақ өсімдігінің Емдік қасиеті: Жантақ өсімдігінің емдік қасиеттерін халқымыз ерте заманнан-ақ пайдаланып келген. Жантақ шөбінің тамыры да оның сабағы мен масақтарының да емдік қасиеттері мол. Жантақ өсімдігінің құрамында С витамині каротин, эфир майлары, гликозидтер, фловоноид сапонин заттары, қант, суда еритін органикалық заттар С және К дәрумендері, бояғыш заттар және шайыр кездеседі.Медицина саласында жантақтың жер бетіндегі бөлігі пайдаланылады. Жантақ сабақтарын құрғатып, ұнтақ күйінде дәрілік препараттар жасайды. Жемісі мен тамырынан дәрі-дәрмек өндіреді. Жантақтың іш жүргізетін, несеп айдайтын, тер шығаратын, өт жүргізетін және қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Жантақ өсімдігінің жапырақтары мен бұтақтарынан жасалған тұнбаны жөтел басатын дәрі ретінде және бүйрекке, қуыққа тас байланғанда пайдаланады. Жантақтың тамырынан жасалған дәрілер геморой түйіндерін, дене сыртындағы жарақаттарды емдеу үшін қолданылады. Жантақтың жаңа гүлдеген кезінде гүлін жинап алып суға қайнатып, асқазан, ішек ауруларына қарсы ішеді. Жантақтың тамырын да суға қайнатып тізе, буын ауруларына, жүрек соғысы нашарланғанда және тамақ ауруларына да ем ретінде пайдаланылады. Халық емшісі Асхат Қабыл қазіргі таңда жантақтан түрлі тұнбалар әзірлеп ем ретінде пайдаланып отырғанын айтады. Ескерту: Бұл емдік өсімдікті пайдаланбас бұрын дәрігерден кеңес алғаныңыз жөн. Мақала «Ауырмаңыз!» газетінен алынды. Өз ДЕНСАУЛЫҒЫН жақсы күтетін, өз өмірін ЖАҚСЫ жаққа қарай өзгерткісі келетін АДАМ болғыңыз келсе, АРНАға тіркеліңіз! Өміріңізге ПАЙДАЛЫ видеоны басқа АДАМДАР да көрсін десеңіз, біздің еңбегімізді бағалап, ЛАЙК басып жақындарыңызға таратсаңыз, біз қуанашты болар едік! КӨП РАХМЕТ!!! #денсаулық #ем #жантак
Back to Top