Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері (2 секция)

2017 жылдың 22 қарашасы күні ҚР Ұлттық кітапханасында Елбасының “Болашаққа баңдар: Рухани жаңғыру“ бағдарламасының аясында, “Алаш Орда“ үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай “Алаш Орда - Ұлттық идея және дін мәселелері“ атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. (2 секция) Баяндамашылар: 1. Бейбіт Қойшыбаев - тарих ғылымының докторы 2. Бауыржан Берікұлы - алаштанушы (Ұлтты сүйдің үлгісі және Алаш қайраткерлері) 3. Заңғар Кәрімхан - алаштанушы, педагогика ғылымдарының магистрі (Діни отарлау миссиясы және Науан хазірет) 4. Хангелді Әбжанов - ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор (Алаш және ұлттық идея) 5. Данагүл Махат - тарих ғылымының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығының Бас ғылыми қызметкері (Смағұл Сәдуақасовтың оқу-ағарту саласындағы қызметі) 6. Дина Мұхамеджан - профессор, алашордашы Қайым Мұхамедхановтың ұрпағы (Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығы туралы)
Back to Top