Кеше ғана басталған Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Эльмира Суханбердиеваның ісіне нүкте қойылды. “Қызметін асыра пайдаланды“, “кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты“ деп айыпталған ол, 6 млн теңгеге жуық айыппұл арқалап абақтыдан босады. Судья оны “мемлекеттік қызмет атқару құқығын өмір бойына шектеп, мемлекеттік ордендерінен айыру туралы“ да шешім шығарды. Бұған дейін эмоциясын білдірмеген шенеунік журналистер алдына шыққанда жылап жіберді. Ал оның изоляторда отырғанда 34 күнде жазған «Түрме вице-министрдің көзімен» кітабында не қамтылған?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан