«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев». Василий Жиров

Василий Жиров – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Ауыр салмақтағы қазақстандық бірінші кәсіби боксшы Василий Жиров «Түнгі студияда» сүйіктісі Юлияға үйлену туралы ұсыныс жасайды. Айта кету керек, бүгінде В.Жиров Голливуд жұлдызы Стивен Сигалдың жеке жаттықтырушысы. С.Сигал күрес өнері туралы жаңа фильм түсіргісі келетінін және осы фильмге В.Жировтың түскенін қалайтынын айтқан. «Мен келісімімді бердім. Қазір фильмге дайындық жұмыстары өтуде», - дейді боксшы. Сондай-ақ, «Балқаш жолбарысы» атанған қазақстандық былғары қолғап шебері Лос-Анджелесте жеке фитнес залын ашпақшы. Василий Жиров Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, «Парасат» орденінің иегері. Кезінде туған қаласында дәнекерлеуші мамандығы бойынша білім алып, кейін түбегейлі бокспен шұғылдануды жөн көреді. 11 жасынан боксқа келген ол өмірінің 25 жылын осы спортқа арнады. Атлантада өткен сайыста турнирдің техникалық жағынан ең үздік боксшысы ретінде В.Жиров Вэл Баркердің кубогын және Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы атағын иеленген. Кәсіби
Back to Top