1-Маусым

🔹️,,Нәр-Тамшы“ қайрымдылық қоры 1- маусым халықаралық балалар мерекесі күніне орай әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын орталық саябақта серуендетті. 🔹️Балаларды арнайы ойын алаңдарында ойнатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балмұздақтар, т.б тәтті тағамдар ұсынып бүлдіршіндерді тәнті етті. 🔹️Аталмыш шара жуырдағана қор тарапынан ұйымдастырылған футбол турнирінде жиналған қаражатқа өткізілді. 🔹️Сондықтан, қайрымдылық турниріне қатысқан барлық командаларға, әрбір команда мүшелеріне, сондай-ақ, өз үлесін қосқан, жанашырлық танытқан, ниеттес, тілектес болған жекелеген тұлғаларға үлкен АЛҒЫСЫМЫЗДЫ АЙТАМЫЗ!!! 🔹️Баршаңызға Аллаһ разы болсын🤲 🔹️Құрметпен: 💧,,Нәр-Тамшы“ қайрымдылық қоғамдық қоры.
Back to Top