«Айыппұлдарыңды жарты бағасына өшіріп беремін». Алаяқтардың жаңа айласына арандап қалмаңыз. Елордада белгісіз біреулер «Сергек» камералары түсірген тәртіп бұзушылықтарды жоқ қыламын деп жарнама беруде. Және оған сеніп, опық жеп қалғандар жетеді екен. Әуелі пысықайлар уәдені үйіп-төккен. Оған иланғандар жиналып қалған айыппұлдарын арзанырақ өтеп аламын деген оймен алдын-ала ақша жіберген. Сөйтіп, кейін алданғандарын бір-ақ білген. Осыған байланысты құзырлы органдар азаматтарды сақ болуға шақыруда. Камералар түсірген тәртіпбұзушылықты көлденең көк аттының ешбірі өшіре алмайды. Тек негізсіз жазылған айппұлдарды ғана өзіңіздің жазған арызыңыз бойынша қайта қарастыруға мүмкіндік бар. Ал, қасақана жалған ақпарат таратушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН