25 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында да бірнеше адам ұсталды

25 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында да бірнеше адам ұсталды. Митинг белгіленген маңдағы тұрғындардың кейбірі акцияға келмегенін, жеке шаруасымен жүргенін айтты. Бір ер адам «жұмысқа тұру үшін сұхбатқа кетіп бара жатырмын» деп еді оны полицейлер «әңгімелесуге апаратынын» айтып, көлікке салып әкетті. Құзырлы орган қызметкерлері оқиғаны бақылап тұрған Азаттық журналисін де ұстамақ болды.
Back to Top