Тәж-тажалға тұсау болмай тұр

Дәл осы Шымкентте жұрт езу тартарлық жайтқа да куә болды. Түнгі клубтардың біріне сау ете қалған тәртіп сақшылары қонақтардың маскасы бар-жоғын тексере бастаған. Сөйтсе қағілез жігіттердің бірі жұрт салфетка деп атайтын майлықтан бетперде жасап ала қойған. Оның тапқырлығы немен аяқталғаны белгісіз, белгілісі погондылар түнгі клуб қожайынына айыппұл салып хаттама толтырды. Бұндай рейдтер қазір үздіксіз жүріп жатыр. Санитарлық дәрігерлердің талаптарын бұзушылар көп, ал ковид жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Айта айта алтайды, Жамал апам қартайды демекші Коронавирус тақырыбынан мезі болсақ та айтылатын кезі қазір. Бірнеше өңірде карантиндік шаралар қатаңдатылды. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top