Алматы әкімі автобуста зейнеткерге араша түскен қызды марапаттады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 15 жастағы Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарияға көмек көрсету кезіндегі мейірімділігі мен батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті. «Мен сіз түсірген бейнені желіден көрдім және көптеген алматылық сияқты бұл оқиға да мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, ол жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екінші жағынан, сіздің әрекетіңізге риза болып, өзіңізбен мақтандым», - деді әкім кездесу барысында. Қамқорлықтың үлгісін көрсеткен жас қыздың батылдығы жұртты сүйсінтті. Алматы қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті өзін қолдағандарға алғыс айтып, барлық адамға қамқорлы
Back to Top