Ерлан Қарин: Қауіпсіздік кеңесін құратын президент оны тарата алады

Таяуда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “жоғары лауазымды басшы қызметтерге Қауіпсіздік кеңесі келісімімен тағайындау“ туралы жарлығы “Қазақстанда қос билік“ орнады деген пікірлерді одан әрі үдетті. Президент кезінде өзін “Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы“ етіп бекіткен Нұрсұлтан Назарбаев екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырын шектеп отыр ма? Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық сенім кеңесі қандай іс бітірді? Парламенттің келесі сайлауына дейін “Сайлау туралы“ заң өзгере ме деген сауалдарды Азаттық тілшісі Қасым Аманжол Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Қаринге қойды. Сұхбаттың толық нұсқасын Азаттық сайтынан немесе YouTube арнамыздан қарай аласыз.
Back to Top