Жаңа бизнестен қорықпау керек

Әлемнің озық мемлекеттерінде кең таралған ноу-хау Қазақстанға да жетті. Елімізде алғаш рет ашылған «Road star» капсулалы қонақ үйдің иесі – үй шаруасында отырған Жібек Әділбақытқызы. Отбасымен шетелде қыдырып жүріп, әуежайлардың бірінде 17 сағат бойы ұшақ күтуге мәжбүр болған ол «рейсті асықпай күтіп, демалатын орын болса» деп армандаған екен. Кейіннен бұл арманын ақиқатқа айналдырып, қазір бизнесін дөңгелетуде. Ашылғанына көп уақыт болмаса да адамдардың қызығушылығын арттырып,капсулалы қонақ үйді Елорададан бөлек басқа қалаларда ашуды көздеп отыр.
Back to Top