Балалық шағымды қайтарыңдар!

2015 жылдың қазан айында Сириядағы соғыстан қаза тапқандардың саны 250 мың адамға жеткен. Оның 74 426-сы - бейбіт халық. Қаза болған бейбіт тұрғындардың 12 571-і - күнәсіз сәби. Өкінішке орай, ешбір саяси күш қаншама бейбіт халықтың жасын төгіп, қаншама сәбидің балалық шағын соғыс отына өртеп жатқан қанды оқиғаларды тоқтата алмай отыр. Есесіне, бар жоғы 9 жастағы Сириядан шыққан Джина Боу Хамдан есімді қыз бір әнімен ғана бүкіл әлемге «балалық шағымды қайтарыңдар» деп, нәзік болмысымен наразылығын білдірді. Бір апта бұрын балаларға арналған әлемдік «Дауыс» шоуының Араб еліндегі нұсқасына қатысқан Джинаның әнін 7 миллион 200 мың адам көріп, көздеріне жас алған. Бұл тек - арабша «Дауыс» шоуының ресми аккаунты жариялаған видеоның көрсеткіші. Ал, әлеуметтік желі мен жүздеген сайттар арқылы Джинаның жан айқайын тыңдаған адам қаншама...!? Джина Хамдан «Дауыс» шоуына Ливанда тұратын әнші қыз Реми Бандали орындаған «Балалық шағымызды қайтарыңдар, бейбіт өмірді қайтарыңдар» атты жолдары бар әнді айтып шықты. Ал
Back to Top