Әбен Нарынбаев 65000 $ мен 2 млн. теңге тауып алып, иесіне қайтарған (ВИДЕО)

Әбен Нарынбаев Хабар арнасында оператор болып жұмыс істейді. Арасында бала-шағасын қуантып, тәттілер апару үшін жолаушыларды барар жеріне жеткізіп салуға да қымсынбайды. Себебі, ол - 4 баланың әкесі. «Жолда ерлі-зайыпты такси тоқтатты. Олар жол бойы бір-бірімен ұрысып барды. Мен ертерек құтылғым келді. Олар қолындағы ақша толы сөмкелерін менің машинама қалдырып кетіпті», - дейді Әбен Нарынбаев. Алғашында ақша иесі Әбенді бопсалап, қорқытқан. Түсініксіздік танытқан. Алайда, ол жоқ іздеген жандарды тауып, ақшасын апарып береді. Ал, олар сыйақы ретінде 50 000 теңге ұсыныпты.
Back to Top