онаева арналан сынсыз ескерткіш орнатылмайтын болды
Қазақтың даңты перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш орнатылмайтын болды. Өткен жұмадан бері ақпарат айдынында қызу резонанс туғызған жайттың жаңғырығы осы аптада да басылмады. Елдігіміздің дамуына елеулі үлес қосып еңбегі сіңген тау тұлғаның келбетін аша алмады ақыры сәулетшілер. Жалпы бір ғана алматының өзінде 200-дей ескерткіш бар десек, Димаш атамыздың мүсінін сомдауға келгенде неғып қолдары қисайып қалды екен деген сұрақтың басы ашық. Әсілінде бұған дейін де талай туындының тұрпайы шыққанын көз көрді.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан