Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктерге тыйым салынды

Елімізге Армения мен Қырғызстаннан әкелінген көліктердің жүруіне тыйым салынды. Бұдан былай, бұл елдердің көлігін тізгіндеген жүргізушілер өз темір тұлпарларын кедендік рәсімдеуден өткізуі керек немесе сол елге апарып қайтадан сатуы тиіс. «Бұл көліктер Қазақстанда заңсыз жүр» деген Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта арнайы рейд ұйымдастырып, шетелдік нөмір таққан темір тұлпарларды түгелдей айып тұрағына тоғытпақ. Алайда арзан әрі сапалы көлік іздеп шетел асқан отандастарымыз бұл ережеге наразы. #кткжаңалықтары
Back to Top