АТТЕСТАТ АЛУ РӘСІМІ ЖЫЛДАҒЫДАН ЕРЕКШЕ 04 06 2020

Семей қаласында жалпы 40тан аса мектеп бар. Ал, ағымдағы жылы Семей қаласы бойынша 1640 түлек мектеп табалдырығын бітіруде. Жалпы, еліміз бойынша мектеп бітіруші түлектерге жыл сайын маусым айының ортасында аттестат алу рәсімі өткізілуі дәстүрге айналған. Ал, Биылғы жылы аталған рәсімде өзгерістер еңді. Яғни, БҒМ Асхат Аймағамбетовтың мәлімдемесі бойынша осы жылы 11-сынып бітіруші жас түлектерге аттестат тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері өтуде. № 42 орта мектептің директоры Қанатбек ЖУАНЫШЕВ түлектерді мектеп бітірумен құттықтап, қашықтықтан оқыту жүйесі кезінде ата-аналармен ұстаздардың ерекше шыдамдылығы үшін алғысын білдірді.
Back to Top