Жаа рам реформаларды жзеге асыруы керек .Бекмаамбетов
Жаңа құрам реформаларды жүзеге асыруы керек – Ө.Бекмағамбетов
Парламент Мәжілісі өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Енді жаңа құрам реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға жұмылуы тиіс. Тарих ғылымдарының кандидаты Өмірбай Бекмағамбетов мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастаманы қолдайтынын айтады. Өмірбай Бекмағамбетов, тарих ғылымдарының кандидаты: - Келесі сайланатын Парламент мүшелерінің алдында тұрған үлкен мақсат осы еліміздің келешектегі стратегиялық алдына қойып жатқан басымдықтарын іске асыру мақсатындағы қажетті заң жобаларын іске асыру болып табылады. Сондықтан бүгінгі мәжіліс депутаттарының көтеріп отырған бастамасы өте орынды және уақыт талабына сай.