Ақтауда Қырғыз Республикасының мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті

1-сәуір күні Ақтаудағы М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда Қырғыз Республикасы мәдениет қайраткерлерінің концерті өтті. Ош қаласынан арнайы келген мәдениет қайраткерлерінің концерттік бағдарламасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдердің қалалары арасында үздік атанған ұлттар достығын әспеттейтін «Бір шаңырақ астында» әлеуметтік жобасы аясында өткізіліп отыр. Шара барысында Қырғыз Республикасының мәдениет қайраткерлері Курбантаева Сурмакан Мамытовна, Абдувалиев Бекболат Османалиевич, Мурзакаримов Сыргак Абдиламитович, Айдаркулова Нурзат Абдыжапаровна қырғыз халық әндерін орындап, ақтаулық көрермендерге өз өнерлерін тарту етті. Ақпарат көзі: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Back to Top