последний звонок 2016

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Атырау қаласындағы №36 мектеп-гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысты. Сөз алған аймақ басшысы мектеп бітіріп жатқан түлектерге ақ жол тілеп, ақыл кеңесін айтты. «Қазіргі заманда білімнің маңызы өте жоғары. Білімді ұрпақ еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында тер төгетін болса, халқымыздың болашағы жарқын болмақ. Сендерге ақ жол тілеймін. Алда келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестте сәттілік тілеймін. Білгендеріңді еш қиналмай пайдалынып, жақсылап өткізіңдер. Өмір жолы оңай емес. Ата-аналарыңның үмітін ақтаңдар. Аман жүріңдер», – деді облыс басшысы Нұрлан Ноғаев. Айта кетелік, биыл Атырау облысында 4633 түлек мектеп бітіріп жатыр. Олардың 77-сі алтын белгіге, 18-і үздік аттестат иегері атануға үміткер болып отыр. Одан бөлек биыл Атырауда 34 халықаралық білім байқауларының жеңімпазы, 70 республикалық байқауының жеңімпазы шықты. Сегодня аким Атырауской области Нурлан Ногаев приянл участие в торжественном мероприятии в по случаю окончания учебного года
Back to Top