Елімізде жыл соңына дейін жұмыссыздар саны артады. Оның себебін төтенше жағдаймен түсіндірген Біржан Нұрымбетов жұмыссыздық деңгейін 6,1 процент төңірегінде сақтап қалуға тырысатындарын жеткізді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мәліметінше, карантиннің кесірінен екі ай бойы 4 млн-нан аса адам табыссыз жатты. Шектеулерді кезең-кезеңмен жеңілдетудің арқасында бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға кемуі тиіс. Ал жыл біткенше мемлекеттік бағдарламалардың аясында бас-аяғы 1 млн 220 мың адам жұмысқа орналасады.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!