Саржайлауым | Казахские детские песни | Kazakh Folk Song
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым\
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!