Kaspi Pay-ден сілтеме бойынша төлемді қашықтан қалай қабылдайды?

-тің клиенттері қайда жүрсе де, олардан төлемді сіз Kaspi Pay-мен қабылдай аласыз. Сатып алушыға кез келген мессенджер, әлеуметтік желі немесе электрондық поштамен қашықтан төлеуге сілтеме жіберсеңіз болды. Сізге сатып алу туралы деректерді енгізудің және шотты шығарудың қажеті жоқ: сілтемемен төлеген кезде сатып алушы соманы өзі енгізеді және қандай тауар немесе қызмет үшін ақша жіберетінін көрсетіп, хабарлама қалдыра алады. Төлем қабылдауға сілтемені Kaspi Pay мобильді қосымшасынан ала аласыз, ол сататын орныңыз үшін автоматты түрде қалыптасады. Сілтемемен өткеннен кейін оның мобильді қосымшасы ашылады. Мұндай жолмен қашықтан төлеу мүлде қауіпсіз, өйткені ол авторизациядан өткеннен кейін ғана жасалады. Бұл ретте картаның деректерін көрсету қажет емес. Клиент сатып алған затының құнын кез келген ыңғайлы тәсілмен: Kaspi Gold-пен, Kaspi Red-пен төлей алады немесе төлеп жатқан кезде Зат сатып алуға кредит ресімдей алады. Kaspi Pay-ден сілтеме бойынша қалай сату керектігі жайлы толығырақ білу үшін бейнематериалды көріңіз. Kaspi Pay мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз: Facebook-тегі Kaspi Pay серіктестерінің жабық клубына кіріңіз:
Back to Top