LRT-нің 412 миллион теңгесі ұрланған

Елордадағы атышулы жеңіл рельсті метро құрылысында күмәнді құжаттарға қол қойғандардың тізімі белгілі болды. Оншақты адам жалған кәсіпкерлік арқылы жобаға бөлінген қаржының 412 млн теңгені жымқырып үлгерген. Істері май шаммен қаралып жатқандардың арасында қала әкімдігі, мердігер компания өкілдері және ЛРТ басшылығы да бар екен. Бірақ, жемқорлыққа қарсы агенттік нақты күдіктілердің атын атап, түсін түстемеуде. Бұл “сақалды құрылысқа“ кім жауапты? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top