Саша Коэн „Борат 2” фильмін түсіріп, Қазақстанды тағы бір дүрліктірді

Америкалық актер әрі режиссер Саша Барон Коэн аты шулы “Борат“ комедиясының жалғасын түсіріп, трейлерін жариялап үлгерді. 2006 жылы жарық көрген бұл фильм АҚШ-қа сапарлаған қазақстандық журналистің бастан өткерген оқиғаларын баяндайды. Басты рөлді өзі сомдаған Коэн журналист Боратты және оның отандастарын жағымсыз күйде бейнелеп, фильм қазақ көрермендерінің шамына тиген. Тіпті ел үкіметі Коэнді сотқа да берді, онысы сірә сәтсіз болды. Премьерасы 23 қазанға белгіленген “Борат 2“ комедиясы да сол баяғы “қазақстандық журналист“ жайлы. Фильм желіде қызу талқыға түсті. Америкалықтар тағатсыздана күтетінін айтса, қазақстандықтардың пікірі қақ бөлінді.
Back to Top